Айта кетейік, үшемдердің екеуі — қыз, біреуі — ұл. Оларға Асылым, Айбатыр, Асылай есімдері қойылды.
Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келді. Олардың бірінің салмағы — 992,0, грамм болса, екіншісінікі — 984,0, үшіншісінікі — 950,0 грамм.
Шала туылған нәрестелерді дүниеге келе сала тексеру, күтіп-баптау перинаталдық орталық қызметкерлері тарапынан барынша жіті бақыланып, қолға алынды. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы, анасы өзі қарай алады.
Дәрігерлер мерзімінен бұрын туған нәрестелерге дұрыс күтім жасау бойынша кеңестер беріп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде үшемдердің жағдайы жақсы, салмақ жинап (1960,0 гр, 2462,0 гр, 2508,0 гр,), үйлеріне аман-есен шығарылды.