Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда үшем дүниеге келді

0 2  120

Айта кетейік, үшемдердің екеуі — қыз, біреуі — ұл. Оларға Асылым, Айбатыр, Асылай есімдері қойылды.
Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келді. Олардың бірінің салмағы — 992,0, грамм болса, екіншісінікі — 984,0, үшіншісінікі — 950,0 грамм.
Шала туылған нәрестелерді дүниеге келе сала тексеру, күтіп-баптау перинаталдық орталық қыз­меткерлері тарапынан барынша жіті бақыланып, қолға алынды. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы, анасы өзі қарай алады.
Дәрігерлер мерзімінен бұрын туған нәрестелерге дұрыс күтім жасау бойынша кеңестер беріп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде үшемдердің жағдайы жақсы, салмақ жинап (1960,0 гр, 2462,0 гр, 2508,0 гр,), үйлеріне аман-есен шығарылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.