Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен
қала күніне орай «Beauty» атты сұлулық байқауы өтті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Жастардың қызығушылығын заманауи байқауларға бұру, сонымен қатар, сән саласына келген жастардың шығармашылығына қолдау білдіру және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткен сайысқа 14 пен 29 жас аралығындағылар мен АООО және ЖОО студенттері қатысты. Сайысқа қатысушылар макияж жасау үлгісі арқылы өз өнерін көрсетті.
Сын тезінен өткендер арасынан оза шапқан Алтынай Исакова 1 орынды жеңіп алды. 2 орын биігінен Малика Сейдалиева көрінсе, 3 орынға Сымбат Ыстыбаева қол жеткізді. Ал Мадина Бектембаева «Бриллиант» сұлулық салонынан, тегін курс оқуға жолдама алды.