Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда «Beauty» атты сұлулық байқауы өтті

0 188

Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен
қала күніне орай «Beauty» атты сұлулық байқауы өтті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жастардың қызығушылығын заманауи байқауларға бұру, сонымен қатар, сән саласына келген жастардың шығармашылығына қолдау білдіру және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткен сайысқа 14 пен 29 жас аралығындағылар мен АООО және ЖОО студенттері қатысты. Сайысқа қатысушылар макияж жасау үлгісі арқылы өз өнерін көрсетті.

– Байқау барысында 12 визажист өз бақтарын сынады. Олардың біреуі жігіт болды. Ол жігіт те ерекше көзге түсіп, өнердің бұл түрімен тек нәзік жандылар ғана айналыспайтынын дәлелдеп бақты. Барлық қатысушылар үлкен дайындықпен келгені көрініп тұр,- деді Ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспекторы Еркін Жылқышев.

Сын тезінен өткендер арасынан оза шапқан Алтынай Исакова 1 орынды жеңіп алды. 2 орын биігінен Малика Сейдалиева көрінсе, 3 орынға Сымбат Ыстыбаева қол жеткізді. Ал Мадина Бектембаева «Бриллиант» сұлулық салонынан, тегін курс оқуға жолдама алды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.