Бүгін Таразда 54-бағытта қатынайтын автобус өз жұмысын тоқтатты,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.
Оған себеп «Құмшағал», «Шөлдала» алқаптары мен жақын орналасқан саяжайларға қатынайтын №54 автобус бағыты бойынша «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС қызмет көрсетуден бас тартып отыр.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қызмет көрсету құқығын анықтау үшін конкурс өткізілгенге дейін «ArsenTransCompany» ЖШС-мен уақытша келісім-шарт жасалынды.
Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанынан бастап күнделікті 4 кестемен, жүру аралықтары 30 минуттан қызмет көрсететін болады.
Қазіргі уақытта автобустарға электронды төлем қабылдау құрылғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы кезеңде автобустарда мобильді терминалдар қолданылады, сондай-ақ алдағы уақытта стационарлы валидаторлар орнатылатын болады.