Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда 54 бағыт 24-желтоқсаннан бастап қайта жүреді

0 848

Бүгін Таразда 54-бағытта қатынайтын автобус өз жұмысын тоқтатты,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Оған себеп «Құмшағал», «Шөлдала» алқаптары мен жақын орналасқан саяжайларға қатынайтын №54 автобус бағыты бойынша «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС қызмет көрсетуден бас тартып отыр.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қызмет көрсету құқығын анықтау үшін конкурс өткізілгенге дейін «ArsenTransCompany» ЖШС-мен уақытша келісім-шарт жасалынды.

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанынан бастап күнделікті 4 кестемен, жүру аралықтары 30 минуттан қызмет көрсететін болады.

Қазіргі уақытта автобустарға электронды төлем қабылдау құрылғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы кезеңде автобустарда мобильді терминалдар қолданылады, сондай-ақ алдағы уақытта стационарлы валидаторлар орнатылатын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.