Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Туған жерім – дархан далам» тақырыбында Тараз қаласындағы «Баласағұн» ОКЗ-да Талас ауданының күндері өтті.
Бекітілген жоспарға сәйкес, Баласағұн мәдениет сарайының алдына Талас ауданының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге ауданымыздан 2,0 тонна картоп, 1 тонна көкөніс, 300 кг жылқы еті, 500 кг қой еті, 250 кг сиыр еті, 300 кг сүт өнімдері мен 200 кг балық және «Абдрахманова» ЖК—гі Қаратау тәттілерінің өнімдері қойылды.
Шараның шымылдығы Талас ауданы әншілерінің әсем ән шашуымен түрілді. Концертке арнайы шақыртылған Қазақстанның эстрада жұлдыздары Жігер Ауыпбаев пен Сара Амангелді кештің көрігін одан әрі қыза түсірді.