Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талас ауданының Тараздағы күндері – тамашаға толы

0 423

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Туған жерім – дархан далам» тақырыбында Тараз қаласындағы «Баласағұн» ОКЗ-да Талас ауданының күндері өтті.
Бекітілген жоспарға сәйкес, Баласағұн мәдениет сарайының алдына Талас ауданының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге ауданымыздан 2,0 тонна картоп, 1 тонна көкөніс, 300 кг жылқы еті, 500 кг қой еті, 250 кг сиыр еті, 300 кг сүт өнімдері мен 200 кг балық және «Абдрахманова» ЖК—гі Қаратау тәттілерінің өнімдері қойылды.
Аталған іс-шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Өңір басшысы ең алдымен аудандық орталық кітапхана тарапынан ұйымдастырылған кітап көрмесін аралады. Одан кейінгі кезекте Бердібек Машбекұлына Талас аудандық өлкетану мұражайының көрмесі ұсынылып, ондағы тарихи жәдігерлер таныстырылды. Өңір басшысын күмбірлеген күймен қарсы алған соң, Балалар өнер мектебі ұстаздарының өнерін тамашалап, жоғары бағасын берді.
Бағдарламаға сәйкес, мәдениет сарайы аумағында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, ұлттық этномәдени орталықтарының және қол өнер шеберлерінің көрмелері қойылды.
Шараның шымылдығы Талас ауданы әншілерінің әсем ән шашуымен түрілді. Концертке арнайы шақыртылған Қазақстанның эстрада жұлдыздары Жігер Ауыпбаев пен Сара Амангелді кештің көрігін одан әрі қыза түсірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.