Тараз қаласы №20-2 2024 жылғы 4 қазан
«Тараз қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-1) тармақшасына және Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы №40-3 шешімімен бекітілген «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидаларына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағы келесі азаматтарға берілсін:
Азимов
Муратбек Коканович |
– | «Көне Тараз» қоғамдық қорының төрағасы |
Аширбаева
Турсункуль Ильясовна |
– | Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған тұрақты комиссияның төрайымы |
Быкыбаев
Ермек Быкыбаевич |
– | Зейнеткер |
Дюсембекова
Алтынкуль Сулейманкуловна |
– | Зейнеткер |
Ешенкулов
Ильяс |
– | «Ешенқұлов И.» шаруа қожалығының директоры |
Калиев
Айдархан Миралиевич |
– | «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжі арнайы пәндер оқытушысы (құрылтайшы), «Асыл дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғылыми өндірістік мода және ассортимент өндірісінің бас дизайнері |
Карауыл
Тауирбек Абитайулы |
– | «Жамбыл облысының спорт ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы |
Касымов
Сырым |
– | Зейнеткер |
Кезембаев
Бахберды Боштабаевич |
– | «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының дәрігер-трансфузиологы |
Молдыбаев
Аманбай Шонбаевич |
– | Күйші-сазгер, ақын, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. |
- Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тараз қалалық мәслихатының төрағасы К.Олжабай