Павлодар облысының тұрғыны бұрынғы әйелінен өш алмақ болып, ауыл мектебіне от қойған. Полиция қызметкерлері жедел тергеу шараларын жүргізу нәтижесінде көрші ауылдың 34 жастағы тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды “Jambyl-Tarzan” ақпарат агенттігі Рavlodarnews.kz. сайтына сілтеме жасап.
– Ер адамның айтуынша, ол 2 желтоқсан күні 03.20-да мас күйінде бұрынғы әйелі жұмыс істейтін мектепке барған. Жұбайынан өш алу үшін мектептің кіреберіс есігінің сыртқы жағын дизель отынын құйып, өртеп жіберген. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Мектептің кіреберіс есігі ғана өртенген.
Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған 9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынуы немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.