2020 жылдың қаңтар-маусымдағы халықтың табиғи өсімі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 185 адамға немесе 5,8%-ға көбейді, туылған- дар санының көбеюіне және қайтыс болғандар санының азаюына байланысты. АХАТ мәліметтері бойынша, 2020 жылғы қаңтар-маусымда 4,8 мың адам дүниеге келді, 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл 174 адамға немесе 3,8%-ға көп. Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 1,4 мың адамды құрады, 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл 11 адамға немесе 0,8%-ға аз. Өлімнің негізгі себептері: қан айналымы жуйесі аурулары – 31,4%, тыныс алу органдары аурулары – 14,9%, ісіктер – 14,7%, ас қорыту аурулары – 6,3% және жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану – 5,2%. 1 жасқа дейінгі қайтыс болғандар саны 34 нәресте, 2019 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 38,2%-ға аз. Нәресте өлімі 1000 тірі туғандарға шаққанда 7,14 құрады. Тіркелген некелер саны 24,6%-ға, ажырасулар саны 48,2%-ға кеміді. |
ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Жамбыл облысының Статистика департаменті |
|
К