Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласы 2020 жылғы қаңтар-маусымдағы демография жұмысының қорытындылары

0 18

2020 жылдың қаңтар-маусымдағы халықтың табиғи өсімі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 185 адамға немесе 5,8%-ға көбейді, туылған- дар санының көбеюіне және қайтыс болғандар санының азаюына байланысты.
      АХАТ мәліметтері бойынша, 2020 жылғы қаңтар-маусымда 4,8 мың адам дүниеге келді, 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл 174 адамға немесе 3,8%-ға көп.
    Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 1,4 мың  адамды құрады, 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда  бұл 11 адамға немесе 0,8%-ға аз.  Өлімнің негізгі себептері: қан айналымы жуйесі аурулары – 31,4%, тыныс алу органдары аурулары – 14,9%, ісіктер – 14,7%, ас қорыту аурулары – 6,3% және жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану – 5,2%. 1 жасқа дейінгі қайтыс болғандар саны 34 нәресте, 2019 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 38,2%-ға аз.  Нәресте өлімі 1000 тірі туғандарға шаққанда 7,14 құрады.
      Тіркелген некелер саны 24,6%-ға, ажырасулар саны 48,2%-ға кеміді.
  ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Жамбыл облысының Статистика департаменті
       
         

К

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.