Еліміздегі танымал блогер Әлішер Елікбаев Ураина-Ресей қақтығысына қатысты бір жайт туралы айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Блогер өзінің Facebook-тегі парақшасында жарнама бойынша ерекше ұсыныс түскенін жеткізді. Ол бөліскен скриннен Ресей басып алған Украинаның Донецк пен Луганск аймағына блогерлер жиналып жатқанын көруге болады.
Бізге Донецк мен Луганск аймағына 1 аптаға барып, сол жақтағы хал-ахуалды көрсететін блогерлер қажет. Бұл іске жақсы ақша төленеді, кейін басқа да жобаларға шақырамыз. Сол жақтағы адамдар мен әскерді қолдап жіберу керек, — делінген хатта.
Бұған отандық блогер жауап беріп үлгерді.
Бұл — Ресейден түскен тапсырыс. Енді біздің елден мұндайға кім келесітіні қызық болып тұр, — дейді Әлішер Елікбаев.
Бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі Украинаның Донецк және Луганск, Запорожье және Херсон облыстарындағы референдумға байланысты Қазақстанның ұстанымын айтқан еді.