Биыл Жамбыл облысында суды көп қажет ететін дақылдардың жалпы көлемі 34 мың гектарға қысқарады. Есесіне басымдық өңірдегі қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етуге беріледі. Яғни, жүгері дақылы 12 мың, ал қант қызылшасының алаңы екі мың гектарға артады.Осылайша, жаңадан іске қосылатын жүгері өңдеу мен қант зауыттары қажетті өзіндік өніммен қамтылмақ. Ал жер төсін емген шаруаларға мемлекет тарапынан қандай қолдау болмақ? Көктемгі дала жұмыстарының өту барысы бүгін кезекті аппарат отырысында пысықталды.
2026 жылдан бастап Ислам даму банкінің қаржыландыруымен облыстағы 71 каналға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тіршілік нәріне көбірек тәуелді дақылдар алқабының азаюына осы жағдай себеп.