Қазақтың біртуар тұлғасы сұрапыл соғыста ер жүрек батырлығымен, қайтпас қайсарлығымен, тапқырлығымен ерекшелене білді. 1936 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болған. Отан соғысы басталған уақытта 316-шы атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене қатысты. Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысып, соғыс кезінде ұрыс шеберлігі, тапқырлығы мен жеке басының ерен ерлігі ерекше көзге түсті.