Өткен жылдан бері өңірімізде облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен сәтті жүзеге асып келе жатқан «Асарлатып үй салу» жобасы ауданымызда да жақсы қарқынмен жалғасып, бүгінгі күнге дейін ауданымызда 7 үй табыс етілді,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі .
Жыл соңына дейін 10 ауылдық округте тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасылар және жалғызбасты аналар, асыраушысынан айырылған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Міне бүгін, осы жоба аясында Бірлікүстем ауылдық округі тағы бір түтінге көбейіп, бір отбасы баспаналы болды.