Алматыда терроризмге қарсы операция басталғалы заңсыз акциялар мен тонауға қатысқан 2402 адам ұсталды, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Лаңкестік әрекеттерге қарсы операция басталғаннан бері заңсыз акциялар, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқан 2 402 адам ұсталды. 79 атыс қаруы мен 3 976 оқ-дәрі тәркіленді. Өткен тәулікте «102» пультіне 586 хабарлама түсті», – дейді комендатура өкілдері.
Бұған дейін Алматы полициясы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полиция департаментінің ғимаратына 1000-нан аса адам шабуыл жасағанын хабарлаған болатын.