Алматы полициясы тәртіпсіздіктерден кейін содырлар жерленген орындар табылғаны туралы хабарлады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек полицейлер қаза тапқан содырлар мәйіті жерленген жерді тапты деген ақпаратты растады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов Алматы мәйітханаларынан 41 мәйіт ұрланғанын айтқан болатын.