Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда содырлар жерленген орындар анықталды

0 286

Алматы полициясы тәртіпсіздіктерден кейін содырлар жерленген орындар табылғаны туралы хабарлады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек полицейлер қаза тапқан содырлар мәйіті жерленген жерді тапты деген ақпаратты растады.

Полиция лаңкестер іздерін жасыру үшін өз жақтастарын жасырын жерлеген деп есептейді. Басқа мәліметтер әлі жарияланған жоқ.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов Алматы мәйітханаларынан 41 мәйіт ұрланғанын айтқан болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.