Ақтауда аспанды басып кеткен қою түтін жұрттың үрейін ұшырды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі сайтына Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Ақтаулықтар әлеуметтік желілерде сурет пен видео жариялап жатыр.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өнеркәсіптік аймақта дөңгелектер өртенген.
Өрт шамамен 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнында үш техника мен Төтенше жағдайлар қызметінің 13 қызметкері жұмыс істеп жатыр.