Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтауда өрт шықты: қою қара түтін қаланың әр жерінен көрінеді

0 212

Ақтауда аспанды басып кеткен қою түтін жұрттың үрейін ұшырды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі сайтына  Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Ақтаулықтар әлеуметтік желілерде сурет пен видео жариялап жатыр.

Куәгерлер жіберген сурет

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өнеркәсіптік аймақта дөңгелектер өртенген.

Өрт шамамен 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнында үш техника мен Төтенше жағдайлар қызметінің 13 қызметкері жұмыс істеп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.