Еліміздегі президент сайлауына 6 кандидат қатысатын болды

Орталық сайлау комиссиясына президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Саяси науқанға қатысуға ниет білдірген 12 адамның тек жартысы кандидат куәлігін ала алды. Олар:

  • “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынған Жигули Дайрабаев.
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ұсынған Нұрлан Әуесбаев.
  • “Аманат” кәсіподақтар достастығы ұсынған Мейрам Қажыкен.
  • “Amanat”, “Ақ жол”, Қазақстан халық партиялары, сондай-ақ “Ардагерлер ұйымы”, “QAZAQSTAN TEAM”, “Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі”, “Генералдар кеңесі” және “Қазақстан спортшылар одағы” ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев.
  • Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы ұсынған Қарақат Әбден.
  • “Қазақ аналары — дәстүрге жол” атты республикалық бірлестігі ұсынған Салтанат Тұрсынбекова.

Осылайша бүгін сағат 18:01-ден бастап президент сайлауының үгіт-насихат науқаны басталды. Ол 18 қарашаға дейін жалғасады. Ал 19 қарашада кез келген үгіт шаралары тоқтатылатын “тыныштық күні” болады. Дауыс берудің өзі 20 қарашада, жексенбіде өтеді.

Президент сайлуына алғаш рет 2 әйел қатысып жатқанын да айта кетейік. Оларды қоғамдық бірлестіктерден ұсынды. Сондай-ақ осы сайлауда жеңіске жететін президент қайта сайлана алмайды. Себебі елімізде президенттің басқару мерзімі 7 жылға бір-ақ рет сайлана алады деген заң қабылданды.

Comments (0)
Add Comment