Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылды

1 қыркүйектен бастап Алатау ауданы тұрғындарының өтініші бойынша Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Алатау ауданы тұрғындарының қала  әкімімен кездесуінде айтылған өтініші бойынша 1 қыркүйектен бастап №142 жаңа автобус бағыты іске қосылады. Ол “Энергостроитель” бау-бақ серіктестігінен Ф.Оңғарсынова көшесі бойымен Рысқұлов даңғылы – Момышұлы көшесі – Абай даңғылы – Саин көшесі – Шаляпин көшесі – Момышұлы көшесі бойымен жүретін болады. Кері бағытта Момышұлы көшесімен Рысқұлов даңғылына дейін – Оңғарсынова көшесімен “Энергостроитель” бау-бақша серіктестігіне дейін жүреді”, – делінген хабарламада.

Comments (0)
Add Comment