Жамбылдық жастар Құрылтай сайлауында патриоттық акция өткізді

Құрылтай сайлауы күні №505 сайлау учаскесінде жамбылдық жастардың қатысуымен патриоттық акция ұйымдастырылды. Жастар қолдарына көк Туды ұстап, елдік пен бірлікті дәріптейтін шеру ұйымдастырды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Акцияның мақсаты – жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, ел болашағына деген жауапкершілігін көрсету.

Көк Ту көтерген жастар сайлау учаскесіне ерекше көңіл-күй сыйлап, отансүйгіштік рухты насихаттады.

Айта кетейік, Құрылтай сайлауында дауыс беру еліміз бойынша және шетелдегі өкілдіктерде ашылған жалпы 10 423 сайлау учаскесінде ұйымдастырылады. Оның ішінде әлемнің 61 шет мемлекетіндегі Қазақстан өкілдіктері жанынан 79 учаске жұмыс істейтін болады.

Comments (0)
Add Comment