Қай кезеңде де елдің берекесі мен бірлігінің ұйытқысы болған ардагерлер қауымы – өмірдің талай белесін бағындырған, тәжірибесі мол, өнегелі буын.
Қазыналы қариялар саналы ғұмырын ел дамуына, халықтың игілігіне арнап, еңбегімен де, өмірлік ұстанымымен де кейінгі ұрпаққа үлгі болып келеді. Сергектік пен белсенділікті серік еткен аға буын өкілдері спорттан да бір сәтке кенде қалып көрген емес. Бұған күні кеше Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Жеңіс күніне орай өткен «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты Жамбыл облысының ардагерлері арасындағы облыс- тық спартакиадада тағы да көз жеткіздік.
Жарыс барысында 300-ге жуық ардагер волейбол, үстел теннисі, дойбы, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ және бильярд сынды спорт түрлерінен бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.
Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Тараз қаласының ардагерлері топ жарып, І орынды иеленді. Ал ІІ орынды Байзақ ауданы, ІІІ орынды Жамбыл ауданының құрама командалары еншіледі.
Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежелі кубоктармен және дип- ломдармен марапатталды.
«JT»-ақпарат