Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әзімбек Жанқұлиевті еске алуға арналған ақындар айтысы өтті

0 85

Бүгін Байзақ ауданында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйытқы болуымен «Алты Алашқа танылған ақын еді…» атты Ә.Жанқұлиев атындағы VІ облыстық ақындар айтысы өтті,-деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында айтыскер Ә.Жанқұлиевті еске алуға арналған облыстық ақындар айтысының екі жылда бір өтетін дәстүрін қалыптастыру, ел ішінен жас айтыскер ақындардың өсіп – жетілуіне ықпал жасап, Әзімбектің суырып салма айтыскерлігін үлгі ету мақсатында өткен айтысқа жалпы саны – 24 айтыскер қатысты.
Айтыстың марапаттау рәсіміне Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы – Ерлан Жүнісбай арнайы қатысты.
Аламан айтыстың нәтижесі төмендегідей:
Бас жүлде – Есет Досалы
Бірінші орын – Айтмұханбет Исақов
Екінші орын – Асхат Қылышбек, Қанат Мырзахан
Үшінші орын – Дархан Әбдіманат, Шапағат Әбдір
Арнайы жүлде – Дидар Апбасов, Болат Басықараев, Талайбек Бұғыбаев, Мұхтар Қонарбаев
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.