Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жылыту маусымына дайындық қалай?

0 201

Сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезекті 19-шы сессиясы өтті. Басқосуға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты. Сессияның күн тәртібіне сәйкес, әуелі Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил шаһардағы нысандардың жылу беру маусымына дайындау барысына кеңінен тоқталды.

– Жалпы жылыту маусымы барысында 5 жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорын арқылы 1 345 көппәтерлі тұрғын үй жылумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Соған сәйкес, дайындық жұмыстары 2024 жылдың 1 қазанына дейін толық аяқталуға тиіс. Барлық кәсіпорын газ жеткізу бойынша «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының Жамбыл өндірістік филиалымен келісімшарт жасаған, – деген Қайрат Әбілханұлы кәсіпорындарда резервтік отын қоры ретінде 357 тонна көмір мен 14 648,6 тонна мазут қоры дайындалғанын жеткізді.
Бұдан кейін қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-2 шешіміне өзгерістер енгізу» туралы баяндаса, Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Марат Жұманқұлов өзі жетекшілік ететін комиссияның атқарған жұмысын тілге тиек етті.
Басқосуды қорытындылаған Бақытжан Әмірбекұлы депутаттар тарапынан көтерілген әрбір мәселе бойынша тиісті жұмыс жүргізілетінін баса айтты.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.