Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жыл жаңалығы»: Иманбек Ресейлік GQ журналының жүлдесін жеңіп алды

0 1  093

Иманбек Зейкенов Ресейлік GQ журналының «2021 жылғы ерлер» жүлдесінің «Жыл жаңалығы» аталымын жеңіп алды. Музыкант жүлдесімен түскен суретін өзінің сторисінде жариялады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

GQ журналы биылғы жеңімпаздар тізімін жариялады. Онда Қазақстаннан шыққан тұңғыш «Грэмми» сыйлығының иесі, музыкант Иманбек жайлы:

«Grammy сыйлығы, аудиоплатформалардағы миллиардтаған тыңдалым мен әлемдік музыкалық лейблдар мен компаниялармен келісім-шарттар.

Рэпер SAINt JHN-нің Roses трегіне ремикс жасаған қазақстандық жас диджей мен продюсер Иманбек Зейкенов үшін бұл тек бастамасы деп сенеміз», – деп жазылған.

Осы санатта ресейлік Федор Федотов, Владимир Онохов, Soda Luv пен Евгений Сангаджиев марапатталған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.