Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолдаудан туындаған міндеттерді бірге орындайық

0 392

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы ел дамуының қазіргі таңдағы бағыттарын айқындайтын маңызды құжат екендігін атап өткім келеді.

Президентіміздің өткен Жолдауындағы көтерілген мәселелердің біршама орындалғанын қазіргі кездегі халықтың әл-ауқатының жақсарғаны, ел экономикасының едәуір көтерілгендігі көрсетіп отыр. Алысқа бармай-ақ өзіміздің Тараз қаласының соңғы 2-3 жыл ішінде қалай көркейгендігі, қаладағы жаңа «Бәйтерек» (13) пен 15 мөлтек аудандардың бой көтеруі, ол жердегі көшелердің, тротуарлардың соңғы үлгідегі технологиямен салынуы – осының айқын айғағы. Сонымен қатар «Тектұрмас» пен «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешендері, «Жеңіс» саябағындағы Ұлы Отан, Ауған соғыстарына, Чернобыль апатына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткіштер мен «Қарасу» өзенінің  айналасындағы демалыс жағажайлары да дамудың оң динамикасына дәлел бола алады.

Сондықтан бүгінгі Жолдаудағы көтерілген мәселелерді қала, облыс басшылығы өз жұмыс жоспарларына қосымша енгізіп, халықты саяси құжаттан туындаған міндеттерді біріге орындауға жұмылдырады деп сенемін.

Сауранбек Жамалбеков,

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.