Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолдау – іс жүзінде

0 347

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын қала тұрғындарына ақпараттық түсіндіру мақсатында 45 адамнан жасақталған 5 қалалық ақпараттық топ құрылып, олардың құрамына зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, оқу орындары мен кәсіпорындардың басшылары, білікті ұстаздар, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер енді.

Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған идеологиялық актив жиналысы өткізілді.

Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру мен ақпараттық қолдауға арналған қалалық іс-шаралар және медиа-жоспар бекітілді.

Президент Жолдауының басты бағыттарын түсіндіру бойынша арнайы бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айында облыстық, қалалық мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдарында, оқу орындарында облыстық ақпараттық топ 5 кездесу, қалалық ақпараттық топ 10 кездесу өткізіп, Жолдаудан туындайтын міндеттер бойынша ақпарат алмасты.

Жоғары және арнаулы оқу орындарында Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіруге арналған жоспарлар бекітілген, жыл ішінде «дөңгелек үстел» отырыстары, семинарлар, конференциялар, кездесулер, жиындар және тағы да басқа шаралар тұрақты өткізілуде.

Жалпы Жолдауды түсіндіру мақсатында бүгінгі күні қала көлемінде 26 іс-шара өткізіліп, оған қаланың 1 000-нан аса тұрғындары тартылды.
Қалалық «Jambyl-Taraz» газетінде 4 мақала жарияланып, «JAMBYL» және «77 ТВ» телеарналарында 5 сюжет көрсетілді.

Елбасы Жолдауын қала тұрғындарына насихаттау мақсатында қаланың орталық көшелеріндегі билбордтарға 6х3 өлшемді 19 баннер, 1 аркаға 1 баннер, 6 пилонға 4,05х9,05 өлшемді 12 баннер және 5 шағын архитектуралық нысан орналастырылды.

Ұлана Сламбекова,
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.