Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жол апатына түскенде тілеуіңді тіледім»: Ернар Айдарға бата берген қарт әжеге ел сүйсінді (видео)

0 245

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдар желіде аса әсерлі видео жариялап, ел жүрегін елжіретті. Өнер иесі қарт әжейден бата алып жатқан сәтімен бөліскен, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ернар Айдар аталмыш бейнежазбаны Instagram желісінде жария еткен. Кезекті тойлардың бірінде ол қарт әжейге кезігіп, ол оған ақжарма тілектерін жаудырып, батасын берген.

«Әжем менің. Өз әжемді көргендей болдым тойда. Әнімді айтып болып сыртқа шығып бара жатқанымда, әжемнің маған қарай асығып келе жатқанын байқап, артыма бұрылып әжеме қарай бардым. Қуанғанынан «сені көру бір арманым еді, сен жол апатына түсіп, ауруханадан шыққаныңша тілеуіңді тілеп отырдым, құлыншағым» деп ақ батасын беріп, ақ жол тіледі. Аллаға шексіз шүкір, баршаңызға Алла амандық, бақыт, мейірімділік берсін», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары әсерлі көрініске сүйсініп, қарт әжеге тәнті болған. «Қандай керемет сәт. Ернар әрқашан да ел арасында сыйлы ғой», «Үлкендерден бата алып жүре бер. Ата-анаңның тәрбиесі ғой. Сен өте қарапайым жансың», «Ақ әжеміздің ақ батасы қабыл болсын, Аллаһ тағала ұзақ ғұмыр берсін», — деп жазды көпшілік.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.