Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жетісу облысының Кербұлақ ауданына әкім тағайындалды

0 105

Жетісу облысының Кербұлақ ауданына жаңа әкім тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа әкім Қанат Болатұлы Есболатов 1982 жылы туған, білімі жоғары.

Д.Қонаев атындағы университетті «юриспруденция», Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысы Ескелді ауданында «Досанов К.С.» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып бастаған.

Кейін Алматы облыстық Қаржы басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша инспекторы, аға инспекторы, Алматы қаласында «Megaron & K» ЖШС қаржылық директоры, Алматы облысы Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округінің әкімі, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың ақпанынан бері Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметінде болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.