Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жетекші партия журналистерді құттықтады

0 180

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өңірдегі бірқатар журналистер «Nur Otan» партиясының марапатына ие болды.

Толғанай АТАБАЙ

Тілшілер қауымын партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Ақпарат айдынында қалқып, еліміздегі бас партия жұмысын халыққа насихаттауда тер төгіп жүрген қалам иелерінің еңбегі орасан. Тәуелсіздік тарихын хатқа түсіріп, оны халыққа тарату арқылы ұлы істің басында өздеріңіз жүрсіздер, – дей келе бірнеше үздік журналисті «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Құрмет грамотасымен марапаттап, өзге де журналистерге партияның Алғыс хатын табыстады.

Марапат төрінен газетіміздің фототілшісі Юрий Ким және тілші Толғанай Атабай да табылды. Әулиеата тіршілігін әлеуетке жеткізуде еңбек етіп жүрген бұқаралық ақпарат құралдарына партия тарапынан әзірленген арнаулы қол сағаттары мен грамоталар үлестірілді.

Сондай-ақ жиында тілшілік қызметтің қоғамдағы маңызы жоғары екені ескеріліп, партиялық жобалардың өңірдегі жүзеге асырылуы бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде насихатталатындығы жан-жақты айтылды. Мерекелік шара соңында «Aıqyn» республикалық газетінің облыстағы меншікті тілшісі Ерман Әбдиев, «Казахстанская правда» газетінің аймақтағы тілшісі Михайл Те партиямен бірлесіп атқарған ортақ істерінің арта беретіндігін жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.