Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

0 621

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

Тараз қаласы                                                        № 37                                                       10 қаңтар 2024 ж.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84, 85, 86-баптарын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 33, 37-баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 6-тарауын басшылыққа ала отырып, «Жамбыл облысы Тараз қаласының Бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы №104 қаулысы, 2023 жылғы 13 қарашадағы қала әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің №22 хаттамасы, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 4 тамыздағы №1684 хаты, «Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 28 қарашадағы №01-1452 хаты, «Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №09-1338 хаты негізінде Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласының Бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, Абай даңғылы арқылы өтпелі көпірдің және жаяу жүргіншілер өткелі құрылыстарын жүргізу және инженерлік желілерін жүргізу үшін төмендегі жер иеленушілердің жер учаскелерімен өзге де жылжымайтын мүліктеріне мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:
1) Агзам Абдульбарович Абдразаковтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №297 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0529 га (кадастрлық нөмірі – 06-097-045-446) жер учаскесі;
2) Маргарита Трофимовна Сапаеваның жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №285 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0946 га (кадастрлық нөмірі – 06-097-045-445) жер учаскесінің 0,0170 га бөлігі;
3) Дильноза Шониёровна Шамахсутова және Ширин Шониёровна Шамахсутованың жалпы ортақ үлестік меншік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №218 жайда үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, көлемі 0,5194 га (кадастрлық нөмірі 06-097-025-544) жер учаскесінің 0,0345 га бөлігі;
4) Ханлар Халиловтің жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №222 жайда үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, көлемі 0,2132 га (кадастрлық нөмірі – 06-097-025-571) жер учаскесінің 0,0208 га бөлігі;
5) Сергей Алексеевич Москалевтің жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №226 «В» жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0289 га (кадастрлық нөмірі – 06-097-025-1333) жер учаскесі;
6) Мирисман Мирхалыкович Касымовтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №228 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0987 га (кадастрлық нөмірі – 06-097-025-485) жер учаскесі;
7) Умиткуль Тиналиевна Еспанбетованың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №254 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0700 га (кадастрлық нөмірі – 06-097-049-540) жер учаскесі;
8) Райхан Забихоллаевна Мухатаеваның жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, ФЗО 1-тұйық көшесі, №2 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0861 га (кадастрлық нөмірі – 06-097-049-240) жер учаскесінің 0,0165 га бөлігі;
9) Райхан Забихоллаевна Мухатаеваның жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, ФЗО 1-тұйық көшесі, №2 «А» жайдағы дүкенмен көмбе үшін, көлемі 0,0052 га (кадастрлық нөмірі – 06-097-049-1116) жер учаскесі;
10) Дильшадбек Хасанбаевич Садыковтың жекеменшік құқығындағы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №274 жайда тұрғын үйдің құрылысын салу және қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0820 га (кадастрлық нөмірі – 06-097-049-106) жер учаскесінің 0,0184 га бөлігі.
2. «Нақты жоспарлау жобаларын бекіту туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №29 қаулысымен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру үшін «BAITEREK GROUP-2022» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Тараз қаласы, «Бәйтерек» шағынауданы, №12 жайда орналасқан нысаналы мақсаты бірінші қабаты дүкен, сұлулық салоны, кеңсе, дәріхана және асханасымен көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салу үшін жекеменшік құқығындағы жалпы көлемі 2,5838 га (кадастрлық нөмірі – 06-097-063-1624), соның ішінде 0,5236 га бөлігіне автомобиль жолдары мен автотұрақ ұйымдастыру мақсатында аталған жер учаскесінің бөлігі мен өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
3. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру меншік иелерімен жер пайдаланушылар жүгінетін орны «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Тараз қаласы, М.Жүнісәлиев көшесі, №1, байланыс телефоны: 43-54-77 – деп көрсетілсін.
4. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Т.Айменов) меншік иесіне өзге жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру немесе мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу бойынша іс-шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.
5. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Т.Айменов) және «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Ғ.Алтаев) меншік иесіне жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылуына байланысты жылжымайтын мүлікпен жер учаскесін сатып алу бойынша келісімшарттағы көрсетілген қаражатты уақытылы аударуы тапсырылсын.
6. Сатып алынған жер учаскесі мен жылжымайтын мүліктер мемлекет меншігіне қабылданып, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткізілсін. Қабылдау актісімен алынған жылжымайтын мүліктерге заңнама аясында бұзу және бөлшектеу жұмыстары жүргізілсін.
7. Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан кейін 2026 жылдың 10 қаңтарына дейін деп айқындалсын.
8. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ.Исмаилға жүктелсін.

Қала әкімі                                                                                                                                                                         Б.Орынбеков

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.