Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

0 499

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Карентаев Ермек Амангелдіұлы жер қатынастары басқармасының
басшысы болып тағайындалды.

Ермек Амангелдіұлы 1966 жылы Тараз қаласында туған.

Қазақтың Еңбек Қызыл ту орденді ауылшаруашылық институтын «ауыл шаруашылығын механикаландыру», Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Жамбыл ауданаралық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде жұмысшы болып бастаған.

Әр жылдары «Асиер» АҚ директорының орынбасары, «Жайсан» АҚ бас директорының орынбасары, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінде басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі, Премьер-Министрі Кеңсесінің сектор меңгерушісі, ҚР Парламенті Сенаты аппаратының бөлім меңгерушісі, ҚР Президенті Кеңсесінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, 2008-2013 жылдары жеке секторда басқарушы лауазымдарда, 2014-2016 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары, 2016-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, 2019-2021 жылдары «ҚазАгро Ұлттық басқарушы холдинг АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, «ҚазАгроӨнім» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарында еңбек еткен.

2022 жылғы желтоқсаннан бастап бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.