Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жемқорлыққа жол бергендерге жаза қатаң

0 293

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысына қатысты.

Басқосуға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, комиссия мүшелері, құқық қорғау, мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган басшылары, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері және бейнебайланыс арқылы Тараз қаласы мен аудан әкімдері қатысты. Жиынға төрағалық еткен аймақ басшысы күн тәртібінде қаралатын мәселелерге кеңінен тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын нығайту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін айрықша атап өтті.
Алғашқы сөз кезегін алған Саян Қылышұлы агенттік әр аймақта белең алған жемқорлық фактілерінің негізінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын әзірлегенін жеткізіп, Жамбыл облысының тәуекелдер картасына өңірде жемқорлық жиі ұшырасатын салалар мен шешімін таппай келген түйткілді мәселелердің енгізілгенін баяндады.
– Мәселен, ауыз сумен қамтамасыз ету және суару мәселелерін шешу үшін «Раис» каналын реконструкциялау кезіндегі қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу, «Барысхан» массивіндегі үйлерді ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбырларындағы ақауларды жою бойынша шаралар қолға алынды. Жол құрылысы саласында 15 объектінің (сомасы 144 млн теңге) орташа жөндеу жұмыстары кезінде үстеме шығыстар көрсету, сметалық пайданы асыра бағалау тәрізді деректер мен мердігер мекемелердің сапасыз жұмыстары анықталды. Бұл жүргізілген жұмыстардың толық тізімі емес, Сіздермен бірлесіп атқарылатын бастамалар да жетерлік. Жалпы мұндай тәсіл жемқорлыққа қарсы күресті әлсіретпейді. Керісінше, алдын ала жұмыс жасау арқылы тиімді әрекет етуге бағыттайды, – деді Превенция қызметінің басшысы.
Сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлығы үшін Жамбыл облысы бойынша отставкасы қаралу сатысында тұрған бірқатар лауазымды тұлғаларды атап өтіп, облыс әкіміне аталған тұлғалардың жауапкершілігін заң шеңберінде қарауды және тәртіптік жауапкершілікке тарту жазасымен шектелмей, басшыларды құқық бұзушылық деңгейіне қарай тиісті жауапкершілікке тартуды ұсынды.
Жүргізу тәртібімен келесі кезекте агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Омаров сөз алып, халықтың проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған аталмыш Карта аясында аумақтық департаментпен атқарылған жұмыстарды баяндап, жиынға қатысушылар назарына карта бойынша арнайы әзірленген презентациялық жобаны ұсынды.
Жиын соңын қортындылаған өңір басшысы аудан және қала әкімдеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол берген әрбір тұлғаның жауапкершілігі ескерусіз қалмайтынын қатаң ескертіп, күн тәртібінде қаралған салалар мен мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Мұратхан Әлімхан

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.