Қала аумағында қатты желдің салдарынан электр желілерінің үзілуі бойынша бірқатар өтінім түсті.
Электр тасымалдаушы мекеменің ақпаратына сәйкес, сағат 12.00-ден 17.50-ге дейінгі уақыт аралығында жеке тұлғадан 86 өтініш келіп түскен. Қазіргі таңда 36 өтініш бойынша қалпына келтіру жұмыстары толық жүргізілді. Қалғандары бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Жел салдарынан зақым келген электр энергиясы желілерін жөндеуге және қалпына келтіруге 9 техника, 27 жұмысшы және диспетчерлік қызмет тәулік бойы жұмыс жасауда.