Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жедел байланыс: Әкімдік қызметкері тұрғынның сауалына жауап берді

0 231

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап – түрғындардың тілегін ескеру, шешілу жолдарына ықпал ету. Бұл орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі басшыларға «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырамдамасын ілгерілету, азаматтардың сауалына жедел әрі нақты жауап беру, өтініштерін қанағаттандыру керектігін міндеттеген болатын. Аудан әкімі Сәкен Арубаевта аппараттық кеңесте әлеуметтік желіге, газет беттеріне түскен мәселелерге ерекше назар аударуды, көтерілген сауалға қатысы бар басшылардың тікелей жауап беруі қажеттігін тапсырған,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жуырда ғана ауданның бас басылымының №72 санында Шайдана ауылының тұрғыны Амангелді Қоңырбаев газ тарту жұмыстары салдарынан қираған ауыз су ұңғымаларын қалпына келтіріп берсе деген тілегін білдірген екен. Әрине, орынды – ұсыныс. Күнделікті жұмыстарға зерделеу жүргізгенімізбен кемшіліктерді байқамай қаламыз. Осындайда ауыл азаматтарының елді мекенде атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударып, жұмыстағы олқылықтарды жергілікті билік өкілдеріне жеткізу – құптарлық іс.

Жалпы биыл өңірде 5 ауылға газ, 2 ауылға ауыз су тартылып жатыр. Шайдана елді мекеніне мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 86 млн 960 мың теңге қаралып, құрылыс жұмыстарын «ТАРАЗСТРОЙ-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінде жұмыстар 90 пайызға аяқталды десек болады. Сіздің өтінішіңізді компания өкіліне хабарлап, кемшіліктерді реттеуді тапсырдық. Жуық күндері мердігер дәйекті дәлел көрсететін болады. Ал көшеге асфальт төсеу, жарықтандыру газ тарту жұмыстары толығымен аяқталғаннан кейін қолға алынатын болады.Назарыңызға рақмет!

Елдос КЕҢЕСБЕКОВ,

аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.