Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жеңіс Ысқақова қазақ әйелдерінің рухын көтеретін ән шығарды (видео)

0 127

Танымал әнші Жеңіс Ысқақованың жаңа бейнебаяны жарық көрді. Ән «Мықты әйел» деп аталады. Әнші туындыны басына қанша қиындық түссе де мойымайтын мықты әйелге арнаған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Жеңістің айтуынша, пандемия біраз адамның тағдырын өзгерткен. Карантин кезінде күйеулерінен зәбір көрген келіншектер ажырасты. Жұбынан жерінсе де, мойымай өз жағдайларын жасап жүрген әйелдер қаншама. Әншінің «Мықты әйел» атты әні осындай нәзік жандарға арналған.

«Қазір қоғамда мықты әйелдер өте көп. Балаларының құқығын қорғап, баспана сұрап көшеге шығып жүрген де әйелдер. Кез-келген мәселені ешкімнен қорықпай көтере алады. Бүгінде мен араласатын қыз-келіншектер барлығы дерлік жағдайларын өздері жасаған. Ешкімге тәуелді емес», — дейді Жеңіс Ысқақова.

Әннің сөзін Құрманай Бақтиярқызы, ал әуенін сазгер Қуат Әбілов жазған. Бейнебаян Алматы қаласында түсірілген. Клипті YouTUBE арнасынан тамашалаған көрермен оң бағасын беріп жатты.

Ән керемет. Ұнады. Әйел деген мықты, ер адам жасай алмаған ерлікті жасайды,

— деп жазды желі қолданушылары.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.