Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жеңімпаздар марапатталды

0 162

15 қазан күні рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиені нығайту, жас ұрпақтың бойына саяси-құқықтық білім қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қашықтықтан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық слеті өткен болатын. Оған қала мектептерінен 54 белсенді жұмыс жүргізетін «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының агитбригадалары қатысты,-деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Ал 20 қазан күні қалалық Ы. Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Слетті үлгілі «Жас Даурен» хореографиялық ансамблі «Илигай» биімен ашты. Жеңімпаздарды Тараз қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Дүрия Тоғатаева, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажибаев, ардагер ұстаз Ережепбай Бекеев арнайы дипломдармен марапаттады. № 32 ом, № 43 ом, № 42-ом, № 1 –гимназиясының агитбригадасы слетке белсене қатысқандары үшін арнайы дипломдармен марапатталды. № 10 ом, № 2 ом, № 40 г, № 45 қкг ІІІ дәрежелі және № 53 мг, № 5 мг -ІІ дәрежелі дипломмен, №41 мг – І орын, № 24 г- бас жүлдемен марапатталды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.