Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жазадан құтылу үшін түсік жайлы оқиғаны ойлап тапқан

0 760

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 27 жастағы келіншек жазадан құтылу үшін түсік түсіргені туралы әңгіме құрастырған. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-да жазды.

Әйел 2021 жылдың желтоқсан айында «Крыша» сайтына пәтерді жалға беру жайлы жалған хабарлама жариялаған. Алаяқтың хабарламасына 26 жастағы тұрғын алданып қалған.

Алданған тұрғын өзін Марина есімді риэлтормын деп таныстырған әйелдің талабы бойынша алдын ала 80 мың теңге аударған. Ақшаны алған соң әйел телефон нөмірін өшіріп, байланысқа шығуды доғарған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ақша аударылған банк картасының иесі анықталған. Алайда ол картаны өткен жылдан бері танысы қолданып келгенін айтқан.

Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес күдікті уақытша қамау изоляторына қамалған. 190-бабқа сәйкес тергеу жүріп, оның өзге де қылмыстырға қатыстылығы анықталып жатыр.

«Азаматша Т. қоғам пікірін қолдану арқылы жазадан жалтаруға тырысқаны ерекше назар аудартады. Әлеуметтік желіде әйел бейнежазба жариялап, өзін полиция бөлімінде соққыға жығылып, нәтижесінде түсік жасатқаны туралы жалған ақпарат таратқан. Кейін азаматша өзі кінәсін мойындап, қоғам алдында кешірім сұрады», – деді Әбдрахманов.

tengrinews.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.