Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, бірнеше облыстық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, ақын Шырын Мамасерікованың 80 жас мерейтойына орай «Жасырғам жоқ ештеңе өлеңімнен…» әдеби кеші ұйымдастырылды.
Шара барысында ақын өзінің туып өскен жері, алғаш жазған туындылары, айтыс өнерінде өткізген кездері мен еңбек жолдары жайлы сыр шертті. Кеш қонақтары әнші, Кенен Әзербаев атындағы облыстық филармонияның әртісі Оңал Азаматова әндерін, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, айтыскер ақын Есет Досалы өлеңдерін арнады. Ал, Тараз инновациялық колледж білімгерлері және №13 балабақша, №23, №20 орта мектеп оқырмандары ардақты ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.
Іс-шара соңында «Өзі жібек, өлеңі өткір ақын» кітап көрмесіне ұсынылған «Жыл құстары», «Бақыт», «Өлеңімнің әр жолы – өмірбаян», «Елге деген махаббат», «Арман гүлі» кітаптары таныстырылды.