Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастар қариялардың қоймасын қыстық отынға толтырды

0 395

  1 қазан -Халықаралық қарттар күні қарсаңында аудан жастары үлкенге ыстық ықыласын көрсеттті. Жамбыл ауданындағы 17 ауылдық округтің әкімдік қызметкерлері мен жастар ісі жөніндегі кеңесшісілері ауылда саналыға дана сөзін аямаған қариялардың үйіне аинайы барып, үй шаруасына көмектесіп, қоймаларын қыстық отынғa толтырды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz » ақпарат агенттігі.

Ал медицина қызметкерлері ардақты ардагерлердің үйіне бас сұғып, денсаулығын сұрап, қан қысымын қлшеп, медициналық көмек көрсетсе, ауыл жастары ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштің маңына тазалық жұмыстарын үйлестірді.
Осындай игі істерден кейінгі толқынның дұрыс бағытта екенін аңғарасың. Қарттарым аман-сау жүрсін.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.