Елімізде алғаш рет Қазақстан жастарының конгресі және Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен жас IT-мамандарды қолдау мақсатында республикалық «ҚХА Жастар Синергиясы форумы» жобасы басталды.

Іріктеу кезеңіне жамбылдық жастардан 9 үміткер додаға түссе, соның ішінде 5 жоба республикалық байқауға қатысады деп күтілуде.
Шараның басты мақсаты – стартап жобалар, бағдарламалау, веб-дизайн, киберқауіпсіздік, smart-технологиялар және сайт пен мобильді қосымшалар құрастыруға қызығушылық танытатын жастарды қолдау. Ауқымды жоба IT-мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Еліміздің облыстарын түгел қамтитын байқауда үздік 80 жұмыс қабылданып, олар 5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық форумға жолдама алады. Нәтижесінде жеңімпаздар өз жұмыстарын жүзеге асыру үшін 1-орынға 1 миллион, 2-орынға 700 000, ал үшінші орынға 500 000 теңге көлеміндегі гранттар ұтып алады. Форумның талаптарына сәйкес, 16 мен 29 жас аралығындағы азаматтардың жобаларына қажетті қаражат ұйымдастырушылар тағайындап отырған жүлде қорынан аспауы тиіс. Егер тиімді жобалардың ауқымы үлкен болса, байқауға арнайы келетін кәсіпкерлердің қолдауына ие болады.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған