Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастарға ашылған ғылым жолы

0 197

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Практикалық шет тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Полиглот» лингво-елтанымдық үйірмесі аясында «Ағылшын тілі: Қазіргі векторлар және перспективалар» атты шағын конференция өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Онлайн конференцияға Жамбыл облысы және Тараз қаласы мектеп оқушылары, колледж студенттері мен мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары қатысты. Конференцияның ашылуы сәтіңде алғашқы болып Гуманитарлақ-әлеуметтік ғылымдар факультеті деканы Жамиля Мамырханова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Университет жөнінде презентация жасап, қатысушыларға бағдарламалар туралы мағлұмат берді. Сонымен қатар, конференция ашылуыңда Кафедра меңгерушісі Марина Новожилова және Fullbright стипендиаты Джошуа Тилтон қатысушыларға ыстық ықыластарын білдіріп, бірнеше ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Жиын барысында Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясы, Жаңатас көпсалалы колледжі, №24 мектеп-гимназиясы, Қаратау тау-кен колледжі, Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы, Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы, Әлия Молдағұлова атындағы №28 орта мектеп, Горький атындағы №13 орта мектеп, №9 Мерке Колледжі, Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Тараз Инновациялық көпсалалы колледжі оқушылары мен студенттерінің 14 баяндамасы тыңдалды. Комиссияның шешімімен үздік баяндама авторлары жеңімпаз атаңды. Қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.