Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жасөспірімдер қылмысына жол берілмейді

0 167

  Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.Алдын-алу шараларының тиісті деңгейде жүргізілуіне қарамастан қоғамда жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс азаяр емес,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы.

Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін де айта кету керек.

Сонымен қатар білім мен тәрбиені қатар ұстауға тиіс ұстаздарға да бұл мәселе тікелей қатысты.

Соңғы кезде әлеуметтік желі арқылы балаларды суицидке итермелейтін түрлі ойындардың көбеюі де сақтықтықты талап етеді.

Дейді Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов.

Осыған орай аудандағы жасөспірімдер тәртібі аудан әкімдігі мен полиция бөлімінің күн тәртібінен түскен емес.

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев пен полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов әр күні түн жарымына дейін көшелерді аралап, сақтық шаралары мен тәртіп сақтау бойынша рейдте жүреді.

Сондай-ақ, полиция бөлімінің бастығы жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың алдын алуға байланысты білім ошақтарымен тығыз байланыста.

Бүгін де Абылай хан атындағы мектеп лицейінің құқық жөніндегі мектеп орынбасарымен кездесіп, құқықбұзушылық алдын алуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар және ұсыныс-пікірмен бөлісті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.