Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдың үздік сапалы қызмет көрсетушісі анықталды

0 702

Таразда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен басталған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі өтті. Конкурс қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру, мемлекеттік қызмет көрсетушілердің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың имиджін нығайту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұйымдастырған өңірлік іріктеу кезеңіне Жамбыл облысы аумағында мемлекеттік қызметтер көрсететін 25 мемлекеттік органнан 43 өтініш түскен.
Өңірлік комиссия шешімімен республикалық «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына Әулиеата өңірінен қатысушы үміткерлер арасынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитеті Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы Әйгерім Алсаева, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Мақпал Бекмұратова мен Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің бас маманы Құдірет Өмірбекұлы жолдама алды. Республикалық деңгейдегі конкурста облыс намысын қорғайтын үміткерлерімізге сәттілік тілейміз!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.