Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдың үздік мейіргерлері анықталды

0 216

Жамбыл облысында Халықаралық мейіргерлер күніне орай өткен «Облыстың үздік мейіргері – 2025» кәсіби байқауы өз мәресіне жетті.

Байқау нәтижесінде өңірдің денсаулық сақтау мекемелерінде еңбек етіп жүрген үздік мейіргер мамандар анықталып, түрлі марапаттарға ие болды.

Бас жүлдені «Қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының» қабылдау бөлімінің мейіргері Аружан Мақсатқызы Астембекова алды.

Жеңімпазға плазмалық теледидар, біліктілігін арттыруға жолдама, арнайы кубок және сыйлық сертификаты табысталды.

І орын – Айдарова Гүлфарида Орынбасаровна (Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы),
ІІ орын – Шанашкулова Ақмарал Маратовна (№5 Қалалық емхана),
ІІІ орын – Елубай Айдана Асылжанқызы (Жұқпалы аурулар ауруханасы) және Сыздықова Нәзира Әбіласанқызы (Онко-хирургия орталығы) иеленді.

Барлық жүлдегерлерге тұрмыстық техника, оқуға жолдама және ақшалай немесе сертификаттық сыйлықтар берілді.

Арнайы номинациялар бойынша да бірқатар мейіргерлер марапатталды:

«Үздік ауылдық мейіргер – 2025» – Аманғалиқызы Бикен (Жамбыл ауданы)
«Кәсіби борышқа адалдығы үшін» – Қалдыбекова Колғанат (Жуалы ауданы)
«Көп жылдық еңбегі мен адалдығы үшін» – Абжанова Назгүл Сайлауовна (Қордай ауданы)
«Нағыз мейірім иесі» – Пралиева Гүлназ Берікқызы (Мойынқұм ауданы)
Сонымен қатар, белсенді қатысушыларға да естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Марапат иелерінің барлығына «SENIM» кәсіподағы, Жамбыл облысының мейіргер ісі мамандары бірлестігі және демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтар мен құрмет көрсетілді.

Байқау өңірдегі мейіргер мамандарының кәсіби шеберлігін мойындау мен қолдаудың айқын көрінісіне айналды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.