Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық шебер сапалы етіктер тігіп шығаруда

0 196

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны Сергей Греков 40 жылдан бері ата кәсіпті жалғап келеді. Ол үйінен цех ашып, етіктің түр-түрін тігумен айналысуда. Етікші маусымдық аяқкиімдермен қатар, ұлттық спортқа қажетті етіктерді де тігеді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

С.Греков бір күнде бір жұп аяқкиім әзірлейді екен. Таза қол еңбегімен жасалған өнімнің сапасы да жоғары.

Кәсіпкер етік тігуге қажетті материалдарды толықтай Ресей Федерациясының Киров қаласынан алдырады. Дегенмен, аяқкиімдердің бағасы қолжетімді.  Мысалы, жазғы әрі қысқы маусымға арналған бәтіңкелердің құны 20 мың теңгенің шамасында болса,  ұлттық ойындар кезінде киетін етіктер 25 мың теңгеге бағаланған.

Грековтер әулетінің былғарыдан жасалған етіктері аудан аумағының ғана емес, Алматы, Тараз қаласы тұрғындарының да сұранысына ие.

Етік тігу әсілі оңай іс емес, оған ерінбейтін, төзімді, бұл кәсіпті сүйетін адам ғана барады.

Сергей Греков қолынан келетін істі өзінен кейінгілерге үйретіп кетуді парыз санап, шәкірт те тәрбиелеп келеді.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.