Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда заңсыз айналымнан 200-ден астам қару-жарақ алынды

0 164

Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өңірлік жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында жағдай тұрақты.

Жамбыл облысында 4-6 қаңтар күні орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 2723  күдікті полицияға жеткізілді.

Құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілген жедел операциялардың нәтижесінде ұсталғандардың 573-іне әкімшілік жауапкершілікке тартылса (о.і. 186 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 52-іне айыппұл салынып, 335-іне ескерту берілген), 57-іне қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталғандардан тәркіленген және заңсыз айналымнан алынған қару-жарақтардың саны 206-ға жетті. (Қаруларын ерікті тұрде тапсырып жатқандар да бар).

Оның ішінде 62 «Калашников» автоматы, 13 снайперлі-винтовка, 12 «Сайга» карабин, 24 тапанша, 3 арнайы пулеметтік тапанша, 3 гранатомет РПГ,  48 тегіс ұңғылы мылтық және тағы басқалар бар.

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан 273 адам медициналық мекемеге жүгінген, қазіргі таңда олардың 8-і ауруханада жатыр.

15 адам қайтыс болды (2-і ПД және ҰҚКД қызметкері, қалғаны бүлікке қатысушылар).

Бүлікшілерді анықтау, құрықтау бойынша құқық қорғау органдарының (Прокуратура,  Ұлттық қауіпсіздік, Полиция қызметкерлері)  қызметкерлерінен құрылған жедел тергеу топтары тарапынан арнайы жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі таңда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына облыс бойынша 2040 құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмылдырылған.

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға заңсыз айналымнан қаруларды тәркілеу жұмыстарын белсенді жүргізуді, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын және оның ішінде жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.